Жайық Сұлтан Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды
Ақтөбеде тағайындаулар басталды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Жайық Сұлтан Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ол 1983 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келді. 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті», 2012 жылы Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірді.
«2014 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы Брунель Университетін «Оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітірген. Филология ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 2004 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының педагогикалық зерттеулер ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері болып бастаған.
2005 – 2015 жылдары Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің педагогика факультетінің оқытушысы, оқу-әдістемелік бөлімінің әдіскері, ғылым және инновация бөлімінің басшысы, ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы, халықаралық байланыстар және академиялық ұтқырлық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
2015 – 2021 жылдары «Жас ғалымдар кеңесі қоры» қоғамдық қорының директоры болды. «Технопарк Zerek» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе филиалының жаттықтырушысы болып қызмет еткен.
2021 жылдың қыркүйек айынан бастап осы уақытқа дейiн ЮНИСЕФ Қазақстан халықаралық ұйымында балалар құқықтарын қорғау мониторингі және бағалау жөніндегі маманы қызметін атқарып келді», - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.