«Пайдаланылмай жатқан жердің 78 пайызы жайылымдар мен шабындықтарға тиесілі. Түгендеудің нәтижесінде осы жердің пайдаланылмауының себептеріне талдау жасалды. 70 пайыз жайылымдар сумен қамтамасыз ету жүйесінің болмауы салдарынан пайдаланылмай отыр. Бұл жерлерде сумен қамтамасыз ету жүйесі жүргізілмеген», - деді Қ. Өскенбаев.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, алқаптарда бұрын салынған суару құрылғыларының 74 пайызы қайта жөндеуді, ал 13,3 пайызы мүлдем есептен шығарып тастауды қажет етеді.
«Егер фермерлер немесе жерді пайдаланушылар өздері пайдаланып отырған жайылымдарды сумен қамтамасыз ететін болса, онда бұл жұмыстардың 80 пайызға дейінгі құны субсидияланады. Бұл ынталандыру үшін айтарлықтай тиімді шара», - деді вице-министр.