Жайылымнан 63 бас жылқыны ұрлап бара жатқан жерінен Павлодар облысының 2 тұрғыны ұсталды
15:13, 21 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Шығыс Қазақстан облысының жайылымынан 63 бас жылқыны ұрлап әкетіп бара жатқан жерінен Павлодар облысының 2 тұрғыны ұсталды.
Бұл туралы бүгін апталық брифингте ІІМ Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жылқылар екі облыстың шекарасында табылған. Келтірілген зиян 5 млн. теңгеге бағаланып отыр. Ұрланған мал Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында тұратын иесіне қайтарылды.
Қылмыскерлердің бұрын ашылмаған мал ұрлау фактілеріне қатысы анықталуда.