Жаз айларында билет тапшылығы неден туындайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттердің алдын ала сатылуы қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға 45 күн бұрын ерте алынатын жолбилеттерінің тапшылығы туралы шағымдар көптеп түсуде. Көп жағдайда жолушыларбилеттерді түнгі сағат 24:00-ден кейін іздестіре бастайды. Алайда, 45 тәулік бұрын сатылатын жол жүруқұжаттары сатылымға таңғы сағат 07:00-де шығатынын естеріңізге саламыз. Бұлуақыт қала маңы бағыттарына да тиесілі. EPAY.RAILWAYS.KZ сайтында электронды билеттерді рәсімдеу технологиялықүзіліс кезінде, яғни таңғы сағат 04:50 мен 05:50 аралғында тоқтатылады», - делінген«Жолаушылар тасымылы» АҚ баспасөз қызметініңмәліметінде.

Сонымен бірге, жолаушыларға жаңа қызмет – Күту парақшасыұсынылады. Бұл қызмет Компанияға қарастыбарша кассаларда жұмыс істейді.

Керекті бағытта билет тапшы болған жағдайда жолаушы кассадакүту парақшасына тіркелуі қажет. Айналымға билеттер түскен кезде жолаушыныңэлектронды поштасына хабарлама түседі. Жолаушы екі сағат ішінде сол билеттіКомпанияға қарасты кез келген кассада сатып алуы керек. Алдағы уақытта Күтупарақшасы қызметі электронды билет сататын сайттарға да енгізіледі.

«Ұлттық тасымалдаушы жол билеттерін тек ресми кассалар менарнайы сайттарда да ғана рәсімдеуді ескертеді. Алыпсатарлардан сақболуларыңызды сұраймыз», - дейдікомпания өкілдері.

Соңғы жаңалықтар