Оның айтуынша, Түркістан облысы аумағында 2024 жылғы жазғы шомылу маусымын қауіпсіз өткізу және қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында біршама жұмыс атқарылып жатыр.
Атап айтқанда, барлық аудан-қалаларда ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмысы жүргізілген.
Сондай-ақ, судағы қауіпсіздік бойынша семинарлар мен ашық сабақтар өткізілді.
«Жалпы шомылу маусымы басталғалы бері суға кету фактісі бойынша 31 жағдай тіркелген болса, оның 19-ы — жас балалар. Арнайы шомылатын орны жоқ елдімекендерде жергілікті әкімдік тарапынан және кәсіпкерлер есебінен модульді-каркасты бассейндер сатып алынып, тегін әрі қауіпсіз шомылуға мүмкіндік жасалып жатыр. Қазіргі таңда жалпы каркасты бассейндер саны 151-ге жетіп отыр. Бұдан бөлек, жыл басынан бері 2 мыңнан аса рейд ұйымдастырылып, өзендер мен каналдардың бойында тұратын тұрғындарға жадынама таратылды», — деді Оразгелді Нұрмаханұлы.
Брифинг соңында спикер облыс тұрғындары мен қонақтарын суда шомылу ережелерін қатаң сақтауға шақырып, жас балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертті.