Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Көптеген өңірлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашын жаумайды.
Температуралық фонға келетін болсақ, жаздың ықпалы барынша сезіле бастайды.
Республиканың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы бірте-бірте жоғарылап, 17-27 градусқа жетеді, ал елдің оңтүстігінде плюс 27-35 градусқа дейін көтеріледі.