Жаздың екінші күні ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет синоптиктері 2 маусым, жексенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Фото: Pexels

Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді. 

Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, күндіз шығыста қатты жауын болады.

Тек еліміздің оңтүстігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстікте, оңтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Түркістан облысының орталығы мен солтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. 

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.