Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, дауылды жел соғады.
Түнде республиканың солтүстік-батысы мен орталығында жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.
Елдің батысы мен оңтүстігі антициклон сілемінің ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
– Республика бойынша жел күшейеді. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанады. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі, – делінген «Қазгидромет» болжамында.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, солтүстік-батысы мен орталығында, Қостанай облысының солтүстік-батысы мен шығысында, Маңғыстау облысының орталығында және Қарағанды облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Бұдан бөлек, Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Абай облысының оңтүстік-батысында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында, Жетісу облысының оңтүстігі, шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.