Ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Республиканың бүкіл аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.
Еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр жауады, бұршақ, қатты дауыл бар.
Елдің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы, күн ашық болады.
Республиканың батысында күндізгі уақытта ауа температурасы 31 36°С дейін жоғарылайды.
Ал елдің қалған аумағында температура біртіндеп төмендейді.