Синоптиктердің мәліметінше, 29–30 қыркүйекте республиканың басым бөлігінде атмосфералық қысымы жоғары өрістің әсері сақталады. Осыған байланысты жауын-шашынсыз, негізінен ашық ауа райы күтіледі.
— 1 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр, найзағай күтіліп, жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда кей жерде тұман болжанады. Елдің солтүстік жартысында 1–3°C аяз сақталады. Күндіз ауа температурасы елдің солтүстік жартысында 15… 23°C болады. Оңтүстік жартысында ауа температурасы 20… 25°C-тан 15… 23°C-қа дейін төмендейді. Таулы аудандарда 10… 15°C-тан 8… 13°C-қа дейін төмендеуі күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Шығыс Қазақстанда күздің алғашқы айында ауа райы құбылмалы болатынын жазғанбыз.