Жазды қай валютамен қарсы алған дұрыс?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазды қай валютамен қарсы алған дұрыс? Оның бәрі де таяу уақыттағы мақсаттарға байланысты. Сарапшылар егер валютада ірі зат сатып алатын болсаңыз немесе шетелге демалысқа баратын болсаңыз, онда әрине валютаны қазірден бастап жинағаныңыз жөн болатынын айтады. Өткен жылдардағы сияқты ол аздап болса да, қымбаттай беретіні кәміл, деп хабарлады РБК.

Егер валюта таяудағы уақытта қажет болмаса, онда да бәрібір валютаны еңбекпен жинай алмасаңыз да, ең болмағанда, оның көмегімен инфляцияны өтеуге болады. Ресейліктерге өзінің жинақтарын кем дегенде әртүрлі үш валютада теңдей қоржынмен, мысалға рубль-доллар-еуро түрінде сақтауға кеңес берілген. Бұл валюталардың арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін, ол ай сайынғы жұмсайтын шығындарыңызға байланысты, дегенмен ұлттық валютаға басымдық берген қолайлы. Өйткені осы валютамен күнделікті жүріп-тұруыңызға, киімге, азық-түлікке, ТКШ шығындарына және басқа да мұқтаждарыңызға төлейсіз ғой. Көптеген ресейліктер үшін оңтайлы қоржын рубль-доллар-еуро түрінде 50%-25%-25% немесе 40%-30%-30% қатынастарында сақтаған жөн деген кеңес беріліп жүр.