Атмосфералық фронттардың әсерінен жаздың алғашқы демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр, бұршақ жауады. Жел екпіні күшейеді.
Ауа температурасы аздап төмендеп, орташа көпжылдық мәнге жақын болады. Бірақ батыс облыстарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Температура климаттық нормадан 3...6°С жоғары болады.