АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өтетін жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын балуандардың есімі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, күрес түрлерінен жарыс 4-7 қазан аралығында болады.
Қазақстан ұлттық құрамасы барлық салмақ дәрежелерінде өз таңдаулыларын додаға қосады.
Грек-рим күресі:
Айдос Сұлтанғали (60 кг),
Мейіржан Шермаханбет (67 кг),
Азат Садықов (77 кг),
Мақсат Сайлау (87 кг),
Ислам Умаев (97 кг),
Әлімхан Сыздықов (130 кг).
Әйелдер күресі:
Светлана Анкичева (50 кг),
Марина Седнева (53 кг),
Эмма Тисина (57 кг),
Ирина Кузнецова (62 кг),
Елена Шалыгина (68 кг),
Жәмила Бақбергенова (76 кг).
Еркін күрес:
Рахат Қалжан (57 кг),
Санжар Мұхтар (65 кг),
Дархан Есенғали (74 кг),
Азамат Дәулетбеков (86 кг),
Әлішер Ерғали (97 кг),
Юсуп Батырмурзаев (125 кг).
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия ойындарында бақ сынайтын еліміздің дзюдодан ерлер құрамасы белгілі болғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).