Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, күміс және қола жүлделермен толықты

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Бүгін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Анна Алябьева Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтіп жатқан 16-ыншы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Ал онымен бірге сынға түскен тағы бір жерлесіміз Марина Петракова 4-орынға табан тіреді. Сондай-ақ бүгін каноэ есуден күміс және қола жүлдеге қол жетті. Ерлер арасында 200 метрге каноэ жарысында Александр Дятчук 2-нші келсе, 500 метрлік бәсекеде Наталья Сергеева 3-орынды иеленді.