«EXPO 2017» көрмесіне орайластырылған шара Риддер қаласының «Вертикаль» спорт кешенінде өтті. Жарысқа қатысушылар кросс пен атудан сайысқа түсті.
Чемпионатқа Риддер мен Семей қалаларынан 80-нен аса спортшы қатысты. Спортшылар жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінді: 1998-1999 жылдарғы, 2000-2001 жылдарғы, 2002 жылдарғы және одан кіші.
Доданың алғашқы күні жақын қашықтыққа жарысудан риддерлік үш спортшы - И. Дарьин, А. Мақашева (1998-99 ж.) және А. Кисилева (2002 ж. - одан кіші), сондай-ақ және семейлік үш спортшы К. Бауэр, К. Титиветская (2000-2001ж.) мен Р.Морковин (2002ж. - одан кіші) ШҚО чемпиондары атанды.
Жас ерекшелігі жоғары санаттағылар арасында В. Шлемов пен О. Чулкова жақсы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Ал 2000-2001 жылдары туған спортшылар арасында Р. Пушкарев пен А. Поздняковаға тең келер ешкім болмады.