АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада қазақстандық мергендер винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста «қола» алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі додада Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин винтовкадан 10 метрге оқ атудан командалық жарыста үшінші орын алды.
Алғашқы екі орын Үндістан және Қытай спортшыларына бұйырды.
Еске салсақ, бұл Қазақстан үшін бесінші медаль. Бұған дейін, «қоланы» шағын калибрлі винтовкадан атудың шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев пен Шахторин Никита; тез атылатын пистолеттен ату дисциплинасында Чирюкин Никита алды.
Сондай-ақ. дзюдошылар Сұңғат Жұбатқан, Асқар Нарқұлов қола медаль жеңіп алған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.