Жазғы универсиада: Қазақстан құрамасының жүлде қоры тағы екі медальмен толықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада ел құрамасы қоржынына тағы екі медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Photo: National Scientific and Practical Center of Physical Culture
Ел құрамасынан 2 тамызда ушу Бексұлтан Қоскенов (60 келі) ерлер арасында жартылай финалда Ма Йигуге 0:2 есебімен жол беріп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Ал Айгерім Төреханова (60 келі) жартылай финалда түркиялық Берне Тутқа жеңіліп қалды.
Қазірге дейін қазақстандық спортшылар 13 медаль алды. Оның ішінде 1 алтын, 5 күміс, 7 қола бар.
Жазғы универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түсіп жатыр.
Қазақстан құрамасы медальдар кетесінде оныншы орында келеді.
Қытай құрамасы 50 (30-10-10) медальмен көш басында тұр. Одан кейінгі орындардағы Оңтүстік Кореяның 39 (15-12-12), Жапонияның 32 (14-8-10) медалі бар.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.