АСТАНА. ҚазАқпарат – Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада дзюдошы Сұңғат Жұбатқан қола жүлде алғаннан кейін Қазақстан медальдар кестесінде 14-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы қола жүлде үшін белдесуде өзбекстандық Абдурахим Нутфуллоевты жеңді.
Ол жарыс барысында С.Жұбатқан Венгрия, Түрікменстан, Әзербайжан балуандарын қапы қалдырды. Тек жартылай финалда жапониялық спортшыға жол беріп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған еді.
Медальдар кестесінде Жапония 8 (4 алтын, 3 күміс, 1 қола) жүлдемен көш бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Қытай (4-2-2) мен Оңтүстік Корея (4-2-2) келеді.
Ал Қазақстан бір қола жүлдемен Франция, Германия, Макао, Малайзия, Түркия, Өзбекстан, Вьетнам құрамаларымен 14-орынды бөлісіп тұр.
Универсиада 28 шілде-8 тамыз аралығында өтеді. Онда 10 спорт түрі бойынша 90 қазақстандық сынға түседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.