АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада таеквондодан командалық есепте ел құрамасы қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Абдурахмон Марипов, Бейбарыс Қабылан, Бексултан Мұсахан және Шамсат Дуйсенов командалық жарыста үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстандық таеквондошылар жартылай финалда Иран құрамасынан жеңіліп қалды. Салдарынан «қола» медальді қанағат тұтты. Тағы бір «қола» қытайлық спортшыларға бұйырды.
Оңтүстік Корея спортшылары чемпион атанса, ирандықтар екінші орынға жайғасты.
Қазірге дейін ел құрамасы қоржынында 14 медаль бар. Оның 1-і алтын, 5-і күміс, 8-і қола.
Жазғы универсиада 8 тамызда мәресіне жетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.