АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық атлет кермедегі сайыстың финалдық сатысында бірінші орын алды. Көрсеткіші - 14,800. Екінші орынды қытайлық Ши Сун (14,600) алса, үшінші орынға жапниялық Сугимото Каито (14,233) жайғасты.
Еске салсақ, бұдан бұрын Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен екінші орын алды.
Тағы бір күміс медальге ат үстіндегі сайыста Нариман Құрбанов қол жеткізді. Көрсеткіші - 15.266 балл.
Айта кетсек, бұдан бұрын алтын медальге ел құрамасынан таеквондошы Рита Бакишева (48 келі) ие болған еді.
Қазірге дейін қазақстандық спортшылар универсиадада 19 медальге ие болды. Оның ішінде екеуі алтын, жетеуі күміс, оны қола.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.