АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада спорттық гимнастикадан Милад Карими мен Нариман Құрбанов «күміс» жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
5 тамызда спорттық гимнастикадан ел құрамасы қоржынына екі күміс медаль түсті.
Алдымен Милад Карими спорттық гимнастикадан еркін жаттығу бойынша ерлер арасында 14.300 баллмен екінші орын алды.
Бірінші орын Кае Кадзумеге бұйырса (14.333), үшінші орынды юоңтүстіккеорялық Рю Сонхён (13.900) алды.
Тағы бір күміс медальге Нариман Құрбанов қол жеткізді. Көрсеткіші - 15.266 балл.
Бірінші орынды Қытайлық Тайбэйден келген Ли Чин-кай алса, үшінші орынға сол елдің өкілі Шяо Ю Цзян (14.933) қол жеткізді.
Қазірге дейін Қазақстан құрамасы қоржынында бір «алтын», жеті «күміс,» сегіз «қола» медаль бар.
Еске салсақ, бүгін Жазғы универсиадада таеквондошылар ел қоржынына 14-ші медальді салды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.