Жазира мен Жанболат отбасындағы сырды жасырмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Отандық эстрададағы өнерлі жұптар бір-бірін қызғана ма?» бұл сұрақтың жауабын 31 арнаның«Жұлдыздар жарқырайды» бағдарламасы іздеп көрген екен, деп жазады baistars.kz. Бірнеше жұлдызды жұп жауаптарының ішінен Жазира мен Жанболаттың айтқанын оқып көріңіз.

Қазақ эстрадасында тағы бір жарқын жұп Жазира мен Жанболат әлі күнге дейін бір-бірін қызғанатынын жасырмады.
«Екеумізді белгілі бір қалаға бөлек шақырса, бөлек ешқашан бармаймыз», -дейді Жазира.
«Ондай шақыртулар болып тұрады. «Жазира өзі келсе» деп шақырады кейде. Бірақ, мен продюсері, не көмекшісі ретінде барамын деп айтамын», - дейді Жанболат.
16 жасында келін болған Жазира бастапқыда күйеуін қатты қызғанған көрінеді. Алайда, 10 жылдан кейін бұл «дерті» Жанболатқа жұғыпты.