Қазылар мүшесінің бірі профессор Блейк Мориссонның айтуынша, жазушы қарапайым адамның өмірін әдемі суреттей білген. Жазушы алған сыйлықтың көлемі 10 мың фунт стерлингті құрайды.
51 жастағы жазушы шығармашылықпен 20 жыл бойы айналысып келеді. Ол көлемді марапатқа ие болған Ирландияның үшінші жазушысы болып табылады. Сыйлық 2013 жылдан бері тағайындалып келеді.
«Қазіргі оқырмандар ақылды. Олар осындай туындыларға дайын», - деп өз пікірімен бөлісті Маккормек.