Жазушы-драматург Дулат Исабеков оқырмандарымен кездесті - Қызылорда

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Дулат Исабековтың оқырмандармен кездесуі болды. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Дулат Исабековтың шығармалары венгр, поляк, неміс, чех тілдеріне аударылып, Израиль, Ресей, Чехия, Франция, Германия елдеріндегі театрлардың тұрақты репертуарына енді. 

2010 жылы «Тәуелсіздік толғауы» байқауында жазушының «Жаужүрек» драмасы бас жүлдеге ие болды.
«Өкпек жолаушы» повесі ағылшын көрерменіне жол тартып, «Жүз жылдық махаббат» пьесасы еліміздің театрларында сахналанды.
- Кездесу барысында жазушы алғашқы шығармашылық қадамы жайында әсерлі әңгімеледі. Жазушының оқырманмен кездесуінің берері де көп, алары да жетерлік, - деп ағынан жарылды қаламгер.

Оқырмандар көңіліндегі сұрақтарын қойып, жазушының жауабына риза болды. Шара аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Исабеков әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.