Жазушы-фантаст Жүніс Сахиевтің шығармашылығына арналған кітап көрмесі өтуде
Аталмыш көрменің мақстаты - оқырмандар арасында әдебиет жанрларының бірі - фантастиканы кеңінен насихаттау, - дейді ұйымдастырушылар.
Көрмеге автордың тәуелсіздік жылдары «Кеңістік көшпенділері» атты айдармен шыққан 10 ғылыми-фантастикалық романы қойылды. Олар: «Космотарих куәсі», «Марстан шыққан жаңғырық», «Көктен келген көшпенділер», «Тіршілік ұясы», «Шолпанға көшкен ауыл», «Шеңбердің түйісуі», «Су әлемінің саздары», «Жасампаздық қиырында».
Сонымен қатар көрмеден жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы ғалымдар мен әдебиет зерттеушілерінің айтқан пікірлері, жұлдызды әлем жөніндегі бақылау-зерттеулері орын алған. Солардың ішінде, белгілі әдебиеттанушы, ғалым Рахманқұл Бердібаев былай депті: «Жүніс Сахиевтің «Жаңбыр жауғанда» ғылыми-фантастикалық романында табиғаттың, жер мен судың, ауаның жүйесін бұзып, нысапсыздық, құныққандық бәсекесіне түсушіліктің қандайлық апатқа ұшырату мүмкіндігі ескертілген». Ал, белгілі ғалым Ақжан Машанов «Жүністі қазақ халқының адамдық рухани қасиетімен, озық ойын халықаралық аренада танытатын жазушы фантаст деп білемін» - деген.
Көрме оқырмандар үшін наурыз айының 20-на дейін ашық.