Жазушы Милан Кундера өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат – 95 жасқа қараған шағында чех тумасы Франция жазушысы Милан Кундера қайтыс болды. Ол - XX ғасырдағы ұлы роман жазушылардың бірі еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС News агенттігіне сілтеме жасап.

Фото Profimedia.cz

Көп жыл бойы Кундера Нобель сыйлығына лайық саналды, бірақ оны ала алмады.

Алайда, оқырманның шын ықыласына ие болды. Оның кітаптары ондаған тілге аударылды.

Ол Владимир Набоков, Умберто Эко, Хорхе Луис Борхес және басқа да интеллектуал жазушылар сияқты жоғары әдеби марапатқа ие болған жоқ.

Милан Кундера 1929 жылы Чехословакияның Брно қаласында дүниеге келді.

Кундера фортепианода ойнауды үйренді, бозбала кезінде Аполлинер өлеңдеріне ән жазды.

Музыка оның әдеби туындыларында маңызды рөл ойнады.

Милан Кундера «Болмыстың төзгісіз жеңілдігі», «Әзіл», «Қоштасу вальсі», «Ажалсыздық», «Асықпау», «Шынайылық» және тағы басқа романдардың авторы.