Жазушы Сәбит Досанов сайлауда өз таңдауын жасады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сайлауға қатысу және лайықты партияға дауыс беру - әр азаматтың міндеті. Мұндай пікірді белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау учаскесіне отбасыммен бірге бардым. Дауыс беру - әр қазақстандықтың азаматтық борышы. Мемлекет басшысы әрдайым өз сөзінде біздің басты байлығымыздың бірі - бірлік пен тәуелсіздік екенін айтады. Біз мұны қастерлеп, бағалауымыз керек. Қазақстан уақыт ағымына ілесіп келеді. Жыл сайын жаңа жетістіктердің куәсі болып жүрміз. Сайлау - елдің болашағына үлес қосатын азаматтарды таңдау мүмкіндігі», - дейді Сәбит Досанов.

Ол сонымен қатар, сайлауға үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін атап өтті. Өйткені, елдің болашағы - сенім артқан партияда.