Жазушы-журналист Сәдібек Түгел журналистика саласындағы тәжірибесімен бөліспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қоғамды алға бастырудағы журналистердің рөлі қандай? Елді дамытуға және халықтың рухани байлығын арттыруға журналистердің қосып келе жатқан үлесі қанша? Тәуелсіздік жылдарында қазақ журналистикасының қол жеткізген табысы қандай? Ұлттық спорт түрлерінің бүгіні мен келешегі. Міне, осы мәселелер төңірегінде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-журналист Сәдібек Түгел өз ойларымен бөліседі.

Нақтырақ айтқанда, 23 ақпан күні Астана қаласындағы «Абай» қонақ үйінінің баспасөз залында Сәдібек Түгел бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен жүздесіп, әріптестерінің көкейкесті сұрақтарына жауап береді.

Сонымен қатар, осы басқосу барысында жазушы-журналисттің «Астана хикаялары», «Астана баспасөзінің шежіресі» атты жаңа кітаптарының таныстырылымы өтеді. Кездесу сағат 15-00-де басталады.