ЖАЗЫ БИ ЖАНҰЛЫ
Белгілі тарихтар бойынша Ресей империясының құрметті азаматы, Язм Янов əскери казак старшинасы. Ол полковник Шыңғыс Уəлихановтың бас қолдаушысы болған.
Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы Кенесары Қасымұлы Жазы бидің айтқанын тыңдаған. Сібірдің генерал-губернаторы Михаил Сперанскийдің жеке сұрауы бойынша Жазы би қазақтың ата-бабалары салып кеткен Есімхан (1598-1628) тұсындағы шекарамен шектес қамалдың негізінде Орынбор мен Сібірдің арасындағы шекараны анықтап жүргізген.
Жазы бидің Шоқан Уәлиханов ордасынан Омск қаласына дейін жүргізген пошта жолының іздері қазіргі уақытқа дейін сақталған.
ХІХ ғасырдың 1920-1940 жылдарындағы Ресейдің Қазақстан даласына жасалған экспедициялардың барлығы Жазы би Жанұлының қатысуымен өтетін. Жазы би экспедиция кезінде бес жүз сарбазы бар жасақты басқарған, оның екі жүзі казактар, ал үш жүзі қазақтар болған.
Жазы би туған жерінің шекарасының тұтастылығы үшін күрескен. Жазы би халықтың есінде халық ауыз философиясының, тарихтың, Қазақстан жағрафиясының көрнекті білгірі ретінде сақталып қалды.
Дерек көзі:
Қостанай облысының энциклопедиясы.
"ҚазАқпарат"ҰК"АҚ-ның арнаулы жобалар бөлімімен толықтырылған.