Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде бірден 23 сатыға жоғарылады

Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында жаңартылған рейтингіні жария етті.

Өткен аптада Нави-Мумбай (Үндістан) ITF W50 турнирінің ширек финалына дейін жеткен Жібек Құламбаева әлемдік рейтингіде 337-ден бірден 314-орынға көтерілді. 

Зарина Дияс 385-тен 383-ке ауысты. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алтыншы, Юлия Путинцева 29-орнында қалды. 

Жұптық сында Ю.Путинцева 111-ден 110-ға ауысса, Ж.Құламбаева 150-сатыда тұр. 

Жібек Құламбаева Қазақстан құрамасы сапында 27 желтоқсан — 5 қаңтар аралығында Аустралияның Сидней және Перт қалаларында өтетін United Cup турнирінде өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.