Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Франциядағы Шербур ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен Польша өкілі Мартына Кубка финалда франциялық Ясмин Мансури - бельгиялық Лора Солденмен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Қазақ-поляк қарсыластарын 6:0, 6:3 есебімен оңай жеңді.
Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында тағы бір ITF додасында үздік шықты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның ITF турнирінің финалында ойнайтынын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).