Жібек Құламбаева Германиядағы жарыста камбэкпен финалға өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Весбаден (Германия) ITF W100 турнирінің финалына өтті.
Қазақстандық теннисші латвиялық Дарья Семенистаямен бірге жартылай финалда ресейлік Виталия Дьяченко – жапониялық Нао Хибиномен бетпе-бет келді.
Бірінші партияда ресейлік-жапониялық дуэт басымдылық танытты – 6:3.
Екіншісінде Ж.Құламбаева – Д.Семенистая есе қайырды – 6:4. Содан кейін супер тай-брейкте таразы басын аудара алды – 11:9.
Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева – Дарья Семенистаяның финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Латвиялық теннисші бір күнде екі матч өткізіп, жекелей сында да камбэк жасап, чехиялық Тереза Валентовадан басым түсті – 5:7, 6:2, 6:2. Сөйтіп ол жекелей сында жартылай финалға жолдама алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Григорий Ломакиннің Қытайдағы турнирдің финалына жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Аружан Сағындықова Шымкенттегі турнирдің финалында ойнайды.