Жібек Құламбаева Мадрид турнирінің чемпионы атанды
23:21, 19 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева жұптық сында Мадрид (Испания) ITF W100 турнирінде үздік шықты.
Жарыстың 3-ракеткалары Ж.Құламбаева мен италиялық Николь Фосса-Уэрго финалда испаниялықтар Марина Бассольс — Андреа Лазаро Гарсиямен өте тартысты кездесу өткізді.
Бірінші партияда тай-брейкте қазақстандық-италиялық жұп жанкештілік танытты – 7:6 (9:7).
Екіншісінде испаниялық дуэт тай-брейкте есе қайырды – 7:6 (7:4).
Супер тай-брейкте Ж.Құламбаева – Н.Фосса-Уэрго таразы басын өздеріне аудара білді – 10:4.
Финалдық бәсеке 2 сағат 18 минутқа созылды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мадридтегі турнирдің финалына шыққанын жазған болатынбыз.