Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды

Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 294-ракеткасы Жібек Құламбаева Куршумлийска Баня (Сербия) ITF W35 турнирінің ширек финалына өтті.  

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингіде 776-орындағы даниялық Ребекка Мунк-Мортенсенмен бетпе-бет келді.

Бірінші партияда Жібек 6:4 есебімен басымдылық танытты. Құламбаева екінші сетте де жеңісті уысынан шығарған жоқ – 7:5. Тартысты өткен бәсеке 2 сағатқа созылды.

Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 795-сатыдағы ресейлік Дарья Астаховамен таласады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Сербиядағы жарысты сәтті бастағанын жазған едік. 

Сондай-ақ Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына бір қадам жетпей тоқтады.