Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің жартылай финалына шықты
18:42, 27 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 306-ракеткасы Жібек Құламбаева Курсумлийска Баня (Сербия) ITF W15 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда босниялық Суана Тукаковичпен бетпе-бет келді.
Жібек қарсыласын 6:0, 6:3 есебімен ойсырата ұтты.
Матч 1 сағат 5 минутқа созылды.
Жібек Құламбаева финалға шығу үшін ресейлік Милана Жабраиловамен таласады. Ол үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты ойында словакиялық Стелла Ковачикованы жолдан тайдырды - 5:7, 6:4, 6:2.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның қатарынан төрт жарыстың финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.