Жібек Құламбаева Словакиядағы жарыстың ширек финалына шықты

Фото: Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Трнава (Словакия) ITF W75 турнирінің ширек финалына өтті. 

Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен грекиялық Сапфо Сакеллариди бастапқы кездесуін корт иелері Лаура Цилекова – Лаура Светиковамен өткізді. Бір сағатқа созылған матчта қазақстандық-грекиялық жұп 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Құламбаева – Сакелларидидің ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады. 

Тағы бір қазақстандық, дүниежүзілік рейтингіде 805-орында тұрған Григорий Ломакин Тбилиси (Грузия) ITF жарысының алғашқы айналымында сенсация жасап, әлемнің 615-ракеткасы, ресейлік Егор Агафоновты жеңіп кетті – 7:6 (8:6), 7:6 (7:0). 

Г.Ломакин ширек финалға шығу үшін рейтингіде 793-сатыдағы белоруссиялық Эрик Арутюнянмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің Рим мастерс турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Рим турнирінде Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды.