АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Трнава (Словакия) ITF W75 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 3-ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен грекиялық Сапфо Сакеллариди ширек финалда мажарстандықтар Река-Лука Яни – Адриенн Надьты сынап көрді.
Бірінші партияда қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде мажарстандықтар есе қайырды – 6:3. Дегенмен супер тай-брейкте жеңіс Құламбаева – Сакелларидидің еншісінде кетті.
Жібек Құламбаева – Сапфо Сакеллариди доданың 1-ракеткалары, словениялық Далила Якупович – америкалық Сабрина Сантамариямен финал жолдамасын сарапқа салады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың екі жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Шевченко Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.
Александр Бублик жұптық сында Рим мастерс турнирін жеңіспен бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).