Зарина Дияс екі жылдан кейін алғашқы жеңісіне қол жеткізді

теннис
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 388-ракеткасы, үндістандық Рутуя Бхосалемен өткізді.

Зарина Дияс сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Зарина 2022 жылдың 18 қаңтарынан бері кортқа шықпаған еді. Сол күні З.Дияс Аустралия ашық чемпионатының бірінші айналымында Елена Рыбакинадан 7:6 (7:3), 6:7 (3:7), 1:6 есебімен ұтылған еді. Содан кейі жарақатына байланысты жарыс жолына шықпаған болатын.

Осылайша, 2 жыл 3 айдан кейін Зарина алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чан немесе рейтингіде 358-сатыдағы аустралиялық Лизетт Кабрераның қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Рим турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың 1/8 финалына шықты.

 

Соңғы жаңалықтар