Жібек Құламбаева Таиландтағы жарыстың жартылай финалына өтті
15:24, 04 Қаңтар 2024
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Нонтхабури (Таиланд) ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева грекиялық Сапфо Сакелларидимен бірге ширек финалда Польша өкілі Майя Хвалиньска – жапониялық Юки Наитомен сынға түсті.
Қазақстандық-грекиялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч бір сағаттан астам уақытқа созылды.
Ж.Құламбаева – С.Сакелларидидің жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның жылдың алғашқы жарысын жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Әмір Омарханов әлемдегі үздік теннисшілердің тізіміне енді.
Брисбен турнирінде Елена Рыбакина азулы қарсыласын ойсырата ұтты.