Жібек Құламбаева Тайландтағы жарыстың жартылай финалына өтті
14:22, 15 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Тайландтағы ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды.
Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелкен қазақстандық теннисші таиландтық Ланлана Тарраудимен бірге ширек финалда тайбэйлік Я Син Ли – қытайлық Лю Фанчжоудың меселін қайырды.
Қазақстандық-таиландтық жұп бірінші партияда тай-брейкте 7:6 (7:4) есебімен басым түсті. Екінші сет оңайлау болды – 6:2.
Ж.Құламбаева – Л.Тарраудидың жартылай финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаны Доха турнирінің ширек финалына өткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Бублик жұптық сында Роттердам жарысының ширек финалына шықты.
Пәкстанда 17 жастағы теннисші қыз жарыс кезінде көз жұмды.