Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Монастир (Тунис) ITF W25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform.
Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Ж.Құламбаева мен қытайлық Гао Синьюй үш кездесуін жеңіспен аяқтады.
Қазақстандық-қытайлық жұп жартылай финалда Польша өкілі Вероника Фальковска – швейцариялық Себастианна Шилипотиден 6:3, 6:2 есебімен басым түсті.
Ж.Құламбаева – Г.Синьюй финалда Алена Фалей (Беларусь) – Полина Яценко (Ресей) жұбымен бас жүлде үшін таласады.
Жібек Құламбаева жекелей сында ширек финалға шыға алмады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын WTA қорытынды турнирінде Елена Рыбакина – Арина Соболенко матчы кейінге қалдырылғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).