Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан WTA 125 санатындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық спортшы жұптық сында Үндістан өкілі Рутуджа Бхосалемен бірге өнер көрсетіп жатыр.

Ширек финалда Құламбаева мен Бхосале испаниялық Ирене Бурильо Эскорихуэла және Лейре Ромеромен кездесіп, екі сетте де басым түсіп, 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Матч 1 сағат 18 минутқа созылды.

Бұған дейін Құламбаева мен Бхосале Польша өкілі Гина Файстель мен Кипр атынан өнер көрсететін Ралука Сербанды 6:2, 6:2 есебімен ұтқан еді.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанғанын жазғанбыз. Ол теннистен АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалында Париж Олимпиадасының чемпионы Жен Цинвэньді (Қытай) 3:6, 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады.