Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыста жеңіліссіз келеді

Фото: Фото: ktf.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 493-ракеткасы Жібек Құламбаева жекелей және жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінде сәтті өнер көрсетіп жатыр. 

Қазақстандық теннисші жекелей сында екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 1001-сатыдағы жапониялық Ринон Окувакидың 6:4, 6:3 есебімен мысын басты.

Ж.Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 527-ракеткасы, оңтүстіккореялық Ён Ву Кумен шеберлік таластырады.

Жұптық сында үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ж.Құламбаева ширек финалда жапониялықтар Акико Омаэ — Икуми Ямадзакиға қарсы тұрды.

Тартысты өткен матч 7:5, 7:6 (11:9) есебімен қазақстандық-үндістандық жұптың пайдасына аяқталды.

Жібек Құламбаева — Анкита Раина келесі кездесуінде үндістандық Рия Бхатия — жапониялық Митика Озекиді ұтса, финалға жолдама алады. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Дубай ATP 500 турнирінің жартылай финалына өткенін жазған едік.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин Испаниядағы турнирдің ширек финалына шықты.