Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына өтті

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, әлемнің 419-ракеткасы Жібек Құламбаева Нагпур (Үндістан) ITF W15 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда рейтингіде 666-орындағы ресейлік Екатерина Яшинамен кездесті.

Бірінші партияда 6:3 есебі тіркелді. Жібек екінші сетті де өз есебіне жазды – 6:4.
Бәсеке сағат жарымға жуық уақытқа созылды.

Жібек Құламбаева финалға шығу үшін әлемнің 573-інші, доданың 3-ракеткасы, корт иесі Зил Десаимен таласады.

Қазақстандық теннисші жұптық сында Е.Яшинамен бірге жартылай финалдық кездесуін де өткізеді.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 933-сатыдағы Григорий Ломакин Ахмедабад (Үндістан) ITF M15 турнирінің ширек финалында әлемнің 468-інші, осы доданың 1-ракеткасы, италиялық Александр Биндаға жол берді – 6:7, 3:6. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Үндістандағы жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жатқанын жазған едік.

Елена Рыбакина Майами турнирінің финалынан тыс қалды.