Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жартылай финалына шықты
23:14, 07 Ақпан 2024
МУМБАЙ. KAZINFORM — Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мумбай (Үндістан) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге ширек финалда франциялық Кароль Монне – ресейлік Екатерина Яшинамен шеберлік таластырды.
Бір сағат 20 минутқа созылған кездесуде қазақстандық-оңтүстіккореялық дуэт 7:6 (7:4), 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екеуі 1 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Франциялық-ресейлік жұп 1 эйс, 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) шектелді.
Жібек Құламбаева – Со Хен Пактың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Михаил Кукушкиннің Ноттингем турнирінің екінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.