АСТАНА. KAZINFORM — 17 жасар қазақстандық Жібек Құлымбетова Хорватияның Задар қаласында джиу-джитсудан әлем кубогында жеңімпаз атанды.
Джиу-джитсу мен грэпплингтен сегіз дүркін әлем чемпионы, Самат Рамазанов атындағы академия спортшысы, күрең белбеу иегері Ж.Құлымбетова 21 жасқа дейінгілер арасында 48 кг салмақта үздік шықты.
Жібек екі жекпе-жек өткізіп, жеңіске жетті.
Қуанышты жаңалығын Instagram әлеуметтік желісінде бөліскен спортшы Алматы облысы жекпе-жек мектебі, Самат Рамазанов атындағы академиясы мен бапкері Самат Айтпанбетке алғысын білдірді.
Жарыс джиу-джитсудың ne-waza түрі бойынша өтіп, онда әлемнің 20-дан астам спортшылары бақ сынады.
Жібектен басқа, оған аталмыш академияның бірнеше тәрбиеленушісі қатысып, жалпы саны 6 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Биыл мектепті «Алтын белгімен» бітірген Жібек Құлымбетова Самат Рамазанов атындағы академияда легионер ретінде өнер көрсетіп келеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).