АСТАНА. KAZINFORM - Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде бүгін, 13 сәуірде Қазақстаннан он бес боксшы сынға түседі.
Ел құрамасынан Рамазан Нұрлыбаев (51 келі), Ерболат Сабыр (57 келі), Ержан Тұрдан (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асылхан Көшербай (67 келі), Нұрбек Мұрсал (71 келі), Өнер Сейілхан (75 келі), Санжарәли Бегалиев (75 келі), Мақсат Өтегенов (75 келі) шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ Данияр Рақымбердинов ((92 келі), Ақбота Болат (48 келі), Роксана Гасымова (48 келі), Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Шахназ Исаева (57 келі) және Әсел Тоқтасын (81 келіден жоғары) сайысқа түседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын халықаралық турнирінде екінші жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды.
Аталған турнир 16 сәуір күні мәресіне жетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.