АСТАНА. KAZINFORM — Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінің финалында 15 сәуірде ел құрамасынан сынға түсетін боксшылардың қарсыластары анықталды.
Халықаралық турнирде бүгін қазақстандық алты былғары қолғап шеберлі сайысқа түседі.
Олардың 3-і ерлер, 3-і әйелдер құрамасында бақ сынайды.
Ерлер:
54 келі. Бағлан Кенжебек — Максим Кузнецов (Ресей)
71 келі Нұрбек Мұрсал — Игорь Свиридченков (Ресей)
75 келі. Санжарәлі Бегалиев — Сеиджамшид Жафаров (Әзербайжан)
Әйелдер:
52 келі. Анжа Сәдуақасова — Зейнаб Рахимова (Әзербайжан)
54 келі. Элина Базарова — Дарья Пантелеева (Әзербайжан)
57 келі. Виктория Байдукова — Дария Абрамова (Ресей)
Жекпе-жектер Қазақстан уақытымен 12:00–де басталады.
Айта кетейік, дүбірлі дода 16 сәуірге дейін жалғасады.
Еске салсақ, ел құрамасынан жартылай финалға 18 боксшы шыққан еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.