АСТАНА. KAZINFORM - Әзербайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан «Жібек жолы» халықаралық турнирінде бүгін, 12 сәуірде қазақстандық он екі боксшы сынға түседі.
Алдымен ел құрамасынан Гүлназ Бөрібаева (48 келі) әзербайжандық Гюнель Рахимовамен кездессе, Анжа Сәдуақасова (52 келі) өзбекстандық Зиола Юсупова, Томирис Мырзақұл (52 келі) ресейлік Анастасия Маркова, Бақыт Сейдеш (70 келі) Патрисия Аданна Эпеллемен шаршы алаңға шығады.
Ал ел құрамасынан 48 келіде Нұрғиса Тұрабеков ресейлік Павел Васильев, Ернар Қарап өзбекстандық Бехруз Холдоров, 54 келіде Бексұлтан Боранбек ресейлік Максим Кузнецов, Жандәулет Сәрсенбаев әзербайжандық Канан Әлиев, Бағлан Кенжебек грузиялық Ладо Карчавамен шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ 57 келіде Ерболат Сабыр әзербайжандық Агасалим Мұстафазаде, Ержан Тұрдан сол елдің тағы бір өкілі Махмуд Гусейновпен қолғап түйістіреді.
Еске салсақ, жарыстың алғашқы күнінде Қазақстанның екі боксшысы жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.