Жедел ақпараттарды ТЖК-ның әлеуметтік желілердегі парақшаларынан алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Facebook, Туиттер, Инстаграм, Еl.kz ВКонтакте әлеуметтік желілерінде парақшалары бар, ондағы ақпараттар күн сайын жаңартылып отырады.

«Сол парақшаларда тәуліктегі төтенше жағдайларға, жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарына қатысты жедел ақпараттар, алдын алу мақсатындағы ақпараттар және басқа да материалдар жарияланады», делінген ТЖК-ның хабарламасында.